Бөлім кітапхана қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу, кітапхананың web-ресурстарын, электронды өнімдер каталогын, тақырыптық электронды базасын құру, толықтыру, қолданыстағы ақпараттық жүйені, бағдарламалық кешенді жаңарту, оны қолдау жұмыстарымен айналысады.
Кітапхананың интернет орталығы оқырмандарға интернет желісінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Интернет залда пайдаланушылардың электрондық және бейне құжаттарымен жұмыс істеуіне арналған қазіргі заман талабына сай жаңа технологиямен жабдықталған медиатека құралдары бар.
Медиатека ақпараттық жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету үшін пайдаланушыларға әр түрлі CD, DVD-дегі электронды басылымдар жинақтамасын ұсынады.
Пайдаланушылар қажетті ақпаратты CD-дискіге, флешкаға жазып ала алады. Бөлімде SKYPE бейнечаттары арқылы ауылдык, аудандық және облыстық, республикалық кітапханалармен байланысқа шығып, бейнеконференциялар ұйымдастыру, сондай-ақ кітапхана сайтын жаңартып, заман талабына сай мазмұнды етіп жетілдіру ісі, техникалық қызмет көрсету ісі, компьютерлік техникаларды пайдалану ережелерін ұстану, ADOBE PHOTOSHOP, POWER POINT графикалық редакторлары арқылы түрлі баспа жұмыстарын басып шығару, іс-шараларға түрлі бейне сюжеттер мен слайдтар ұйымдастыру және т.б. жұмыстар атқарылады.
Сондай-ақ, бөлім қызметкерлері сирек кездесетін құнды әдебиеттерді сандық түрге енгізіп, кітаптың электронды нұсқасын РАБИС бағдарламасына енгізеді.
- интернеттен ақпарат қарау;
- «Заң» мәліметтер базасын қолдану;
- электрондық пошта;
- құжаттарды электронды жеткізу;
- рефераттар, СӨЖ-дер, дипломдық және курстық жұмыстарды безендіру;
- сканерлеу;
- баспа өнімін даярлау (библиографиялық көрсеткіштер, әдістемелік құралдар, шақыру билеттерін, құттықтау ашық хаттарын және т.б.);
- компьютерде мәтіндерді теру.
Жұмыс уақыты:
Күнделікті сағ.: 9:00-ден 19:00 дейін