Кітапхана құрылымы:
кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі
Бөлім қызметінің негізгі мақсаты – кітапхана қорын ғылыми, ақпараттық, тарихи, көркемдік мәні бай кітаптармен толықтыру. Кітапхананың алға қойған мақсатына және оқырманның сұранысына орай бірыңғай кітап қорын қалыптастыру.
Толықтыру және есептеу сұрақтары бойынша бөлім ғылыми-тексеру жұмыстарына қатысады, облыс кітапханаларына әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді.
Бөлімнің негізгі бағыттары:
- кітапханаға келіп түскен кітаптарды облыс кітапханаларына тиянақты таратып отыру;
- ағымдағы және ретроспективті кітап қорын толықтыру ісін басқада бөлімдермен бірлесіп жүргізу, баспа басылымдарының міндетті даналарын сатып алу;
- кітапханаға мемлекеттік тапсырыстан түскен кітаптарды қабылдау, есепке алу, тіркеу, компьютерге енгізу, бөлімдерге тапсыру және облыс көлеміндегі кітапханаларға тарату;
- республикалық, облыстық, ресейлік мерзімді басылымдарға жазылу;
- заман талабына сай электронды құжаттардың санын сапалы түрде өсіру;
- кітапхана қоры қозғалысының санағын жүргізу;
- кітапханалық акциялар арқылы кітаптар қабылдау.
Толықтырудың негізгі қайнар көздері:
- жергілікті бюджет есебінен;
- мемлекеттік тапсырыстан;
- «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан кітаптар;
- сыйға алынған кітаптар;
- мерзімді басылымдар.
Жұмыс уақыты:
Күнделікті сағ.: 9:00-18:00
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.