+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru





«Отан үшін отқа түс - күймейсің»

Бауыржан Момышұлы


Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) — Халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады .


Еркінбек Тұрысовтың «Темірлан» атты кітабын ұсынамыз

Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға жазушы, драматург Еркінбек Тұрысовтың «Темірлан» атты кітабын ұсынамыз. Бұл кітапта Шыңғысханнан кейінгі әлемді билеген, қазақ даласынан шыққан айбынды қолбасшы,

Толығырақ

Кемел Тоқаевтың "Түнде атылған оқ" кітабын ұсынамыз

Құрметті кітап сүйер қауым! Назарларыңызға жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаевтың "Түнде атылған оқ" кітабын ұсынамыз. Кемел Тоқаев - артына мол мұра қалдырған қаламгер.

Толығырақ

Оқырмандар назарына!

Қазақстандық Ұлттық Электронды Кітапхана (Каз ҰЭК) сілтемесінен Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүністегінің шығармалар жинағының сегізінші том кітабын оқи аласыздар.

Толығырақ

Тарихи күндер

01-09

Бiлiм күнi.

03.09

Ақын, сазгер Ысқақ Әкімнің туылғанына - 60 жыл (1960)

05.09

Қазақстан халқы тілдер күні.

10.09

Ұлағатты ұстаз, әдіскер-педагог, түркiтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әуелбек Қоңыратбаевтың туылғанына - 115 жыл (10.09.1905-27.01.1986)

13.09

Жазушы Тоқтаров Рамазан туылғанына - 80 жыл (1935-2000)

21.09

Дүниежүзілік бейбітшілік күні.

27.09

Дүниежүзілік туризм күні.
Қыркүйектің соңғы жексенбісі - Еңбек күні.