«Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында 2016 жылдың 28 қарашасында, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, «Алаш» сыйлығының лауреаты Еркінбек Тұрысовтың музей-кабинеті ашылды.
Музей-кабинетте Тұрысовтың жеке кітаптары, шығармаларының кейіпкерлерінің портреттері, жазушының оқыған кітаптары, отбасылық және қаламгерлермен түскен суреттері, І.Есенберлин, М.Әуезов, А.Асқаров, Ғ.Мүсірепов, Б.Момышұлы, Н.Назарбаевтың қолтаңбалары бар құнды әдеби кітаптары бар.
Сонымен қатар музей-кабинетте үш ғасыр бойы сақталып келе жатқан Рысбек бабадан қалған дулыға мен найза, жазушының жазба қолтаңбалары, мақтау қағаздары сақтаулы тұр.
Жұмыс уақыты:
Күнделікті сағ.: 9:00-ден 19:00 дейін
Демалыс күні: жексенбі.