Елбасы залы «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылымдық бөлімі болып табылады.
Елбасы залының негізгі міндеттері мен бағыттары:
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050», «Нұрлы жол» бағдарламаларын және кезекті жолдауын басшылыққа ала отырып, оларды насихаттап, қоғамдық-саяси мазмұнды іс-шаралар ұйымдастыру;
- «Мәңгілік ел» тақырыбында оқырмандарға қызмет көрсету жұмысының әртүрлі құралдарын, нысандары мен әдістерін қолдана отырып кітапты насихаттауды қамтамасыз ету, кітап көрмелерін ұйымдастыру;
- оқырмандардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, имандылыққа баулу, рухани дамуына ықпал ету;
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне байланысты бүктемелер, ақпарат қағаздарын құрастыру;
- Елбасы залының қорын насихаттау мақсатында кітап апталықтарын, ашық есік күндерін ұйымдастыру;
- Елбасы залының кітап қорын сақтау және толықтыру;
- Елбасы залының кітап қорын оқырмандарға насихаттау;
- оқырмандар сұранысын қанағаттандыру;
- өзекті тақырыптарға кітап апталықтарын, ашық есік күндерін ұйымдастыру;
- жылжымалы кітапхана пункттерімен жұмыс жасау;
- Бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да қоғамдық орталықтармен бірлесіп Елбасы залының жұмысын жарнамалау;
- кәсіби шеберлікті қолдана отырып, оқырмандарға жоғары, сапалы және жылдам қызмет көрсету.
Оқырмандардың қызығушылықтары мен сұранымдарын, сонымен қатар жас ерекшеліктері мен әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, жылдам кітапханалық–библиографиялық қызмет көрсету.
Жұмыс уақыты:
Күнделікті сағ.: 9:00-ден 19:00 дейін
Демалыс күні: жексенбі.