Кітап қорын сақтау бөліміндегі кітаптарды оқырмандар қызмет көрсету бөлімдері арқылы алып пайдалана алады. Кітап қорын сақтау бөлімінде кітапхананың құнды және жалғыз данадағы кітаптары мен басылымдары сақталады.
Қорда өлкеміздегі ең алғашқы мерзімді басылымдардың бірі, 1935 жылдан бастап шығатын - «Оңтүстік Қазақстан» газеті сақтаулы.
Негізгі бағыттары:
- қорды сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру;
- оқырмандардың сұранысын мүмкіндігінше толық қанағаттандыру.
Негізгі міндеттері:
- кітапхана бөлімдеріне оқырмандардың сұраулары бойынша және іс-шаралар ұйымдастыруға әдебиеттерді беріп отыру;
- жаңа түскен әдебиеттерді қорға қабылдап, электрондық каталогта белгілеу;
- оқырман қолданысынан кейін кітаптарды, мерзімді басылымдарды қайта қорға қабылдау, орнына орналастыру;
- берілген әдебиеттер бойынша барлық құрылымдық бөлімшелермен есеп алмасу;
- кітапхана қорын ұзақ мерзім бойы сақтауды қамтамасыз ету;
- қор мазмұнының толық ашылуын қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру.
Жұмыс уақыты:
Күнделікті сағ.:9:00-18:00
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.