"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы Шымқаламыздың мәртебелі мерекесіне орай қала тұрғындарына Поэзия мен әдебиет алаңында өзінің Кітап керуенін ұсынды. Кітапханашылар Фарабидің ғылыми мұрасын, Абай мен Мұқағалидың жырларын, әндерін, т.б. әдебиет жауһарларын насихаттады. Абай саябағында Титан тұлғалар шеруіне қолдау көрсетті. Кітапханашылар мегаполисіміздің символы - қызғалдақты қағаздан жасау бойынша оригамидің шеберлік сыныбын өткізді.
Сондай-ақ, қаламгерлерден, қала тұрғындары мен кітапхана оқырмандарынан Душанбеге 2200 кітап жинақтады. Тамырын тереңге тартқан Шымкенттің 2200 жылдығына орай жерлестеріміз Уақыт керуенімен бауырлас елге рухани қазына - кітап тарту етті.
Мәртебелі, мерейлі Шымқаламыз туралы фильмді осы сілтеме арқылы тамашалай аласыздар: https://youtu.be/T2iYLkPGGDI