«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»
2017 жылдың 27 қыркүйек күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Шымкент Университеті ұжымы бірлесе отырып, 22 қыркүйек – ҚР халқы тілдері күніне орай «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» әдеби кешін өткізді. Университет студенттері мен ұстаздары тіл мерекесіне арнап жыр шашу жасады. «Отырар» облыстық-әмбебап кітапханасы қызметкерлері «Тілім барда – тірімін мен мәңгілік» тақырыбындағы кітап көрмесін ұсынып, көрмеге ақпараттық шолу жасады.