+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Құрметті жас оқырмандар!

Құрметті жас оқырмандар!

Қазіргі қазақ балалар әдебиетінің белді өкілдерінің бірі-айтулы ақын Ермек Өтетілеуұлының бұл кітабына оның кезінде оқырман қауым құптай қабылдаған өлең-жырларының таңдаулы үлгілері еніп отыр. Жинақты құраған шығармалар балалар поэзиясының бар жанрын қамтып қана қоймай, таным-тәрбиелік мәні мен көркемдік деңгейі жоғары көтеріле білген, жаңашылдық реңктерімен ажарлана алған деуге болады.

Сонымен қатар кітаптың негізгі өзегі - қазақы ұлттық болмыс десек, осы тақырып аясынан табылатын біраз жаңа туындылар да қамтылған. Ақынның аталмыш толыққанды томы балалар мен олардың тәрбиешілері - ұстаздар мен ата-аналарға да бағалы базарлық боларына кәміл сенеміз.

#Отырар_кітапханасы

#Балаларға_базарлық

#Ермек_Өтетілеуұлы

#Баластан