+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Тілекқабыл Боранғалиұлының «Жәңгір хан» атты тарихи кітабымен толықты

Құрметті оқырман!

«Отырар» кітапханасының қоры белгілі журналист, «Егемен Қазақстан», «Қазақстан мұғалімі» газеттерінің бөлім меңгерушісі, ҚР Парламенті Баспасөз хатшысының орынбасары Тілекқабыл Боранғалиұлының «Жәңгір хан» атты тарихи кітабымен толықты.

Кітапта өз ордасының іргесін бекемдеуге Жәңгірдің жеке-дара күресі, Ресей патшаларымен, губернаторлармен қарым-қатынасы белгілі де беймәлім деректер арқылы ашып көрсетіледі. Жәңгір ханның ұлты үшін сіңірген еңбегі–тұңғыш мектеп ашу, жастарды Ресейде оқыту, астана салу, дәстүрлі заң ережелерін жазу оқиғалары тартымды әңгімеленеді.

Кітап тарихымыздағы тұғырлы да таласты тұлға Жәңгір Бөкеевтің 22 жыл тақ иеленген кезіндегі қайраткерлігі мен өнегелі істері, жас ұрпақты Отан сүйгіштіке, ұлттық тарихын қастерлеуге, рухани кемелденіп өсіп жетілуіне таптырмас асыл қазына.

#Отырар_кітапханасы

#Жаңа_кітап

#Тілекқабыл_Боранғалиұлы

#Жәңгір_хан