+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Мархабат Байғұттың «Оқу залы» атты кітабын оқуға ұсынамыз

Құрметті оқырман!

Назарларыңызға қарымды қаламгер, журналист, публицист, аудармашы Мархабат Байғұттың «Оқу залы» атты кітабын ұсынамыз.

Жазушы аталмыш кітабында мәдениетке, ағартушылыққа көңіл бөліп, халықтың мүддесіне жұмыс атқаруымыз керек деген мақсат қойған. Қаламгер Алматы қаласындағы Гоголь көшесіндегі А.Чехов атындағы кітапхананы іздеп тауып, Әл-Фараби бабамыздың орыс тіліндегі кітаптарымен танысқанын, оқу залы әлемінің ғажайып дүние екендігін әсерлі суреттеп, жастардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін оятады. Яғни, әрбір жас буын кітапханаға баруды әдетке айналдыруға үндейді.

Бұл кітапқа жазушының «Тәржіман тірлік», «Жоғалған жұрнақ», «Сізді сүйген қыз едім», «Салқын масақ», «Банктің иттері» сияқты дүниелері енген.

Кітапты электрондық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1109490

#Отыраркітапханасы

#Бізбіргеміз

#КазНЭБ

#Кітапонлайноқу

#МархабатБайғұт