+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Отырар кітапханасының қоры «Қазақтың хас батырлары» атты ғылыми-танымдық энциклопедиялық жинақпен толықты

Құрметті кітап сүйер қауым!

Отырар кітапханасының қоры генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тасболатов Абай Бөлекбайұлы және ҚР Қарулы күштері қатарында зенитті-ракеталық рота командирі Талғат Қостайұлының құрастыруымен «Қазақтың хас батырлары» атты ғылыми-танымдық энциклопедиялық жинақпен толықты.

Қазақ ұлтының бағына орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Қазақ жері солардың арқасында жаудың қолында кетпеді. Осылайша, қазіргі кең байтақ өлкемізді, батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғап, келер ұрпаққа аманаттап қалдырды.

Бұл жинақта тұңғыш рет ұсынылып отырған Қазақстанның барлық облыстарының батырлары туралы деректер, ел тарихында баға жетпес із қалдырған ер жүрек батырлардың өмір жолы мен күрескерлігін жаңа, тың қырынан көрсетеді.

Батыр есімдерін келешек ұрпақтарға жеткізу бәріміздің қасиетті парызымыз. Бұл кітаптың ұлт рухын көтерудегі, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулудағы, маңызы ерекше. Тәрбие беруде оқушыларға таптырмас оқу құралы болатындығына сенімдіміз.

#Жаңа_кітаптар

#Абай_Тасболатов

#Талғат_Мұсаев

#Қазақтың_хас_батырлары