+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Шымкент-Лисаков: достастық жолдары»

2200 жылдық тарихы бар мегаполисіміз ТМД елдерінің мәдени астанасы болуына орай көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр. Осыған орай «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Қостанай облысы Лисаков ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Шымкент-Лисаков: достастық жолдары» атты ZООМ-конференция өтті. Конференцияға Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Мырзабаева, «Акцент» телеарнасының директоры Д. Аяпбергенов, Қостанай облысы Лисаков ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры С. Темирхановна және бөлім басшысы Ә.Мәуленова, шымкенттік қаламгерлер К.Ахат, С.Исақ және «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Құттыбике Нұрғабыл, т.б. қатысты. Конференция барысында қостанайлықтарға көне де жаңа Шымкент қаласына және «Отырар» кітапханасына виртуалды экскурсия ұсынылды.

#Отырар_кітапханасы

#ZООМ_конференция

#Лисаков_ауданының_ОКЖі