+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«ЕҢЛІК – КЕБЕК» ПОЭМАСЫНА – 120 ЖЫЛ

МЕРЕЙГЕР КІТАПТАР - 2020

«ЕҢЛІК – КЕБЕК» ПОЭМАСЫНА – 120 ЖЫЛ

«Еңлік-Кебек» - екі жастың махаббатын жыр ететін шығармалардың жалпы атауы. Шығармаға өмірде шын болған ғашықтар Еңлік пен Кебектің трагедиялық тағдыры арқау болған. Сюжеті әңгіме түрінде «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген атпен 1892 жылы «Дала уәлаяты» газетінің 31 және 39-сандарында басылған. Дастанға ұқсас қара сөзбен тағы бір сюжет «Дала уәлаяты» газетінің 1900 жылы 46-санында «Қазақ тұрмысынан хикая» деген атпен қайта басылған. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік-Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі - 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығармада, екіншісі - Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік-Кебек» дастаны.

Ұлы жазушы «Еңлік - Кебек» дастанының арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған.

#Отырар_кітапханасы

#Мерейгер_кітаптар

#Еңлік_Кебек_поэмасына_120жыл

#Шәкәрім_Құдайбердіұлы

#Мұхтар_Әуезов