+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Қазақ мемлекеті және Жошы хан»

Құрметті оқырман!

Тарихшы ғалым Зардыхан Қинаятұлының «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» атты туынды тек кәсіби мамандардың ғана емес, өскелең заманның рухани сұранысына толығымен лайықты құнды тарихи мұраға айналды.

Ғалым зерттеу еңбегінде қазақ даласындағы мемлекеттік үрдістің бастаулары, оның қалыптасуы, дамуы, жалпы қазақ мемлекеті туралы пікірлерін ұсынған.

«Алтын Орда ыдырағанда оның қабырғасынын жеті мемлекет бой көтерді. Солардың ішіндегі алғашқы және қазір де дербес мемлекет ретінде өзін сақтап қалған жалғыз мемлекет ол – Ақ орданың ізбасары Қазақ мемлекеті ғана. Қазақ мемлекеті Жошы Ұлысының басты мұрагері болып табылады», – деген Зардыхан Қинаятұлының жасаған қорытындысы дәл бүгінгі күннің ең маңызды тақырыбына айналғаны шындық.

Еңбектің деректемелік негізі бай, тілі жатық, ойы орамды болғандықтан оқушы қауымды бей-жай қалдырмас деп сенеміз.

Кітаптың электронды нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=107330

#Қазақ_хандығына_555_жыл

#Алтын_Орда_мемлекетіне_750_жыл

#Қазақ_мемлекеті