+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Сұлтан Қалиұлының «Менің елім» атты кітабын оқуға ұсынамыз

Қазақ балалар әдебиетінің сарбаз-сардары, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Сұлтан Қалиұлының «Менің елім» атты бұл кітабына оның өлең-тақпақтары, жұмбақ-жаңылтпаштары, «Алдар мен шайтан», «Сауық» поэмалары мен т.б. шығармалары еніп отыр.

Қаламгер ұтымды да ұтқыр, ойнақы да ойлы өлең ұйқасының иірімдерімен бала жанын баурай түсіп, оларды отансүйгіштік, еңбекқорлық, батылдық пен батырлық, адалдық, адамдық жолына бастайды.

Кітаптың он жасар оқырманнан ұлағатты ұстазға дейінгі берер көмек-қорегі ұшан-теңіз.

#Балаларға_базарлық

#Сұлтан_Қалиұлы

#Менің_елім