Ділдәр Мамырбаеваның «Жетім құлын» кітабын оқуға ұсынамыз
Құрметті оқырман қауым!
Назарларыңызға жазушы Ділдәр Мамырбаеваның «Жетім құлын» кітабын ұсынамыз. Жетім құлын - Ділдәр Мамырбаеваның бесінші кітабы. Рухани кемелдену мәселесі адамның ішіне үңілуден басталады. Барлық жақсылық пен жамандық, тазалық пен арамдық, әулиелік пен күнәһарлық адамның өзінің ішінде. Адамның парасат дәрежесі көтерілген сайын оның ішкі арпалысы, ішкі қайшылығы жиілейді. Ішкі таразы қай жаққа басым түседі? Оған ой-сезім әлемі бағынады ма? Ділдәрдің әңгімелеріндегі кейіпкерлер осы төңіректе ойланатын жандар. Адамгершілікті ұлықтайтын, жан дүниелері ізгілікті, шуақты.
Кітап көпшілік оқырмандарға арналған.
Кітапты электрондық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1548786
#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#ДілдәрМамырбаева