+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Ерлан Төлеутайдың «Үкілі Ыбырай » атты кітабымен толықты

Құрметті кітап сүйер қауым! Отырар кітапханасының қоры белгілі өнертанушы, киногер, дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутайдың «Үкілі Ыбырай » атты кітабымен толықты. Бұл кітапта ұлы композитор Үкілі Ыбырайдың өнегелі өмірі мен тағлымды өнер жолы жайында егжей-тегжейлі баяндалады. Автор бұл еңбегінде Үкілі Ыбырай туралы хатқа түскен барлық деректерді мұқият саралап,өнертану ғылымы тұрғысынан тың пайымдар, тұжырымдар жасаған және әншінің бізге жеткен мұрасының барлығын осы еңбегіне жинастыра топтастырып, нота жазбалары бойынша жүйелеген.

Кітап көпшілік қауымға және халқымыздың музыка өнерінің негізін салушы ұлы тұлғалардың өмірі мен өнер жолын тануға ұмтылған талапкерлерге арналады.

#ТөлеутайЕрлан

#ҮкіліЫбырай

#Отыраркітапханасы