+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ОҚЫРМАНДАР НАЗАРЫНА!!!

Өтеп Батырбек Туғанбайұлы – Қазақстандағы қолданбалы өнер саласын, соның ішінде тоқыма саласын (гобелен) енгізген кәсіпқой суретші. КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Оның «Түркі эпосы», «Бозторғай», «Той» деген туындылары Халықаралық көрмелерде жоғары бағаға ие болған. Бұл туындылар Астана қаласындағы Президент резиденциясына ілінген. Сонымен қатар суретшінің «Отбасы», «Шілде», «Өмір өрнегі», «Атамекен», «Өскен өңір», «Өркендер», «Біржан-Сара» сынды көптеген туындылары бар. Олардың бірқатары гобелен, батик, текемет пен сырмақ түрінде орындалған. Шығармаларының алтын арқауы – туған жерге деген сүйіспеншілік. 
«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Өнер» бөлімінде танымал суретшіге арналған арнайы бұрыш жасақталған. Бұрышта талант иесінің жеке кітапхана қорынан алынған кітаптар қойылған. Бұл кітаптардың өнер сүйер оқырманның қызығушылығын тудырмауы мүмкін емес. Атап айтқанда, кеңестік бейнелеу және сәулет өнері, шетелдердегі прогрессивті реалистік өнер үшін күрес, қазақ мемлекеттік көркем галерея мәселелері жайлы, сонымен қатар лирикалық проза жанрындағы кітаптар, антикалық дәуірдегі Болгария елінің ескерткіштері, Кушандар дәуіріндегі Бактрия өнер әлемі, Италияның қазіргі өнер саласы мен итальяндық монументалды кескіндеме өнері, ХVIII ғасырдағы Венгриядағы кескіндеме өнері, Өзбекстан Рсепубликасының өнеріне қатысты құнды кітаптар қамтиды.
Кітапхананың өнер бөлімі жоғарыда ұсынылған кітаптарға қызығушылық танытқан оқырмандарын күтеді...