+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Тұрлыбек Мәмесейітұлының «Тектінің кегі» кітабын оқуға ұсынамыз.

Құрметті «Отырар» кітапханасының оқырмандары! Назарларыңызға Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы Тұрлыбек Мәмесейітұлының «Тектінің кегі» кітабын ұсынамыз. Жазушының бұл кітабына соңғы жылдары жазған жаңа шығармалары енгізілді.

Бүгінгі нарық заманының адам тұрмысына, жан-дүниесіне тигізген әсер-ықпалы-қатқыл үкім, қатал талаптары әңгімелерінің негізгі арқауына айналса, хикаяттарда өлке, тұмса табиғат, адамзат пен жаратылыстың арақатынасы нәзік иірімдермен өрнектеледі.

Автор әңгімелері мен хиякаттарының қай-қайсысында да таулы өңірдің көркем табиғаты суретке түсіргендей мөлдіреген қалпында жанды көріністермен арда ажар, тұнжыр-тұнық күйінде өзіне еліктіре тартып кетеді.

#Отырар_кітапханасы

#Тұрлыбек_Мәмесейітұлы

#Тектінің_кегі