+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің «Курляндия» романын оқуға ұсынамыз

Құрметті әдебиет сүйер қауым!

Назарларыңызға қоғам қайраткері, заңғар жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің «Курляндия» романын оқуға ұсынамыз. Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік қаламгері Әбдіжәміл Кәрімұлы бүгін 96 жасқа толып отыр. Романда автор Курляндия жерін неміс басқыншыларынан азат ету жолындағы кеңес жауынгерлерінің, партизан отрядтарының қажырлы ерлігі, азаматтық тұлғасын сипаттайды. Туындыда халықтар достығы, бауырмалдық, азаматтық, ар тазалығы, махаббат сезімдері, сондай-ақ жеке адамдар арасындағы әдепсіздіктер шынайы, көркем тілде, елеулі оқиғалармен суреттелген.

Кітапты электрондық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1038036

#Отыраркітапханасы

#Бізбіргеміз

#КазНЭБ

#Кітапонлайноқу

#ӘбдіжәмілНұрпейісов