+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Алаш аманатын арқалаған «Ақ жол»

«Отырар» қалалық ғылыми–әмбебап кітапханасында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ханбибі Есенқарақызының жинақтап құрастыруымен жарыққа шыққан «Ақ жол» газеті материалдарының 25 томдық кітабының тұсаукесеріне орай ZOOM - конференциясы өтті.

Кітапхана директоры, ф.ғ.к. Анар Жаппарқұлова жүргізген тұсаукесерде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан көптомдық туралы жылы лебізін білдірді.

Нұр-Сұлтан қаласынан Алаш қайраткері, «Ақ жол» газетінің алғашқы редакторы Сұлтанбек Қожановтың немересі С.Қожанова, «Ақ жол» газетін жинақтап жарыққа шығарушы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Алаш» ғылыми зерттеу институтының директоры, әдебиеттанушы-тарихшы ғалым С.Жүсіп келіп қатысты. Нұр-Сұлтан қаласынан онлайн режиміне Мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Бәйменов, сатирик, журналист К.Әмірбек, п.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Ү.Мұңалбаева қатысып, жүрекжарды ойларын ортаға салды.

Алматы қаласынан ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д. М.Қойгелді, ақын, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұ.Есдәулет, ф.ғ.д., профессор, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры К.Матыжанов, ф.ғ.д, профессор А.Шәріп, жазушы, журналист Ө.Қырғызбай қатысты.

ОҚМПУ Оқу істері жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент Б.Исабек, филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Н.Нұрпейісов, ОҚМПУ «Рухани жаңғыру орталығының» басшысы, т.ғ.к., Қ.Анарбаев қатысты.

Ақтөбе қаласынан қоғам қайраткері, ф.ғ.д., профессор А.Айталы, Атырау қаласынан ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, т.ғ.к. Қ.Сүндетұлы, Қостанай қаласынан т.ғ.д., профессор А.Күзембаев қатысты.

М.Әуезов атындағы ОҚУ Тәрбие істері жөніндегі проректоры, ф.ғ.к., доцент С.Мәжінбеков, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің директоры С.Әлібек қатысты.

Зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, тарихшы-әдебиеттанушы ғалымдар қатысқан іс-шарада «Алаш аманатын арқалаған «Ақ жол» атты кітап көрмесі жасалынып, Шымкент Мәдениет Үйінің әншісі, халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Т.Әлменов жырдан шашу шашты.