+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы үшін бүгін ерекше қуанышты күн болды!!!

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы үшін бүгін ерекше қуанышты күн болды!!! Әңгімені әріден бастасақ, биылғы қиын-қыстау кезеңнің алғашқы күндері-ақ ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, п.ғ.д., профессор Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева республика кітапханаларын сала жүмысын түбегейлі өзгертуге үндеді. Уақыт талабына қарай «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры А.А.Жаппарқұлова ұжымды жұмылдырып, уақытша оқшауланған халықты рухани сусындатып, мобильді QR-кітапхана жобасы арқылы кітапты қолжетімді етіп, «Жүйріктер шықты желіге» онлайн айтысы арқылы еңсесі түскеннің рухын көтерді, «Жас ақындар поэзиясы» жастық жалынмен ертеңге деген сенімді күшейтті. Фараби-online, Психологиялық кеңестер мен танымды, тұщымды онлайн-сұхбаттар да өз оқырманын тапты. Zoom платформасы алғашқы болып қолға алынды. Осынау бір қиын-қыстау кезеңде халыққа рухани қызмет көрсетуді ұйымдастыра білген басшы, айтыскер ақын, ф.ғ.к. Анар Абусайылқызы қала әкімі М.Д. Әйтеновтың қолынан жоғары марапат – «Халық алғысы» медалін алды. Алғыспен бірге үлкен сенім жүгін арқалаған басшы мен ұжым алдағы уақытта да үнемі ізденісте болуды, жаңашыл форматта жұмыс істеуді көздеуде.

Сондай-ақ, Анар Абусайылқызы кітапхананың белсенді де жас қызметкері Евгений Тюшевскийді «Рухани қазына» ІІІ республикалық фестивалінің «Бір отбасы - бір кәсіп» - Кітапханашылар династиясы номинациясының жүлдегері болуымен және ұзақ жылғы ерен еңбегі лайықты бағасын алған білікті маман, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Сұлухан Кемелханқызы Байдуллаеваны ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасымен» құттықтап, гүл шоқтарын тапсырды.