+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Отырар алқабының ақындары»

Құрметті әдебиет сүйер қауым!

Сіздердің назарларыңызға Қазастанның мәдениет қайраткері, Республикада тұңғыш рет қоғамдық негізде «Отырар руханияты - Әбу Нәсір әл – Фараби - Арыстанбаб музей кітапханасын» ашқан өлкетанушы, этнолог, әдебиеттанушы Жұмашев Абдулланның «Отырар алқабының ақындары» (Әл-Фарабиден Әселханға дейін). Ғылыми зерттеулер кітабын сіздерге ұсынамыз.

Кітапта Руханият-Әбу Насыр әл-Фараби музейінде жинақталған жазба деректер бойынша IX- XV ғасырлардағы қазақ даласының ғұлама ғалым-ақындары, сондай-ақ, XIX ғасыр мен XXI ғасырдың басындағы Отырар алқабы ақындарының шығармашылық өмірі сөз етіледі.

Бұл еңбек Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекованың 70 жылдық мерейтойына арналады.