+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Дандай Ысқақұлының «Мағжан - поэзия падишасы» атты кітабын оқуға ұсынамыз

Құрметті Отырар кітапханасының оқырмандары! Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлының «Мағжан - поэзия падишасы» атты кітабын оқуға ұсынамыз.

Мағжан Жұмабаев- қазақ әдебиетінің, оның ішінде ұлттық поэзияны түркілік, әлемдік деңгейге көтерген ұлы ақын. Мағжанды ұлы қылған – ол өмір сүрген отаршылдық заманның «бұратана » халықтарды зар жылатқан тар қапасы. Кітапта Мағжанның ақындық тағдыры кеңестік кезеңінің шынайы шындығымен тығыз байланыста жан–жақты қарастырылады.

#Отырар_кітапханасы

#Дандай_Ысқақұлы

#Мағжан_поэзия_падишасы