+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Қазақстан: бірлік және келісім мекені» атты (үш тілде) фотокітабын сіздерге ұсынамыз.

Құрметті Отырар кітапханасының оқырмандары! Сіздердің назарларыңызға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаевтың құрастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Қазақстан: бірлік және келісім мекені» атты (үш тілде) фотокітабын сіздерге ұсынамыз.

Бұл жинақта халықтың көпэтносты құрамының қалыптасу тарихы мен қазіргі жай-күйі, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің құқықтық, институционалдық негіздері ашып көрсетілген. Қазақстан этносаралық өзара әрекеттестіктің бірегей институты болып табылатын ҚХА –ның қызметі егжей-тегжейлі баяндалады.

#Отыраркітапханасы

#Қазақстан:_бірлік_және_келісім_мекені