Фараби - online
Әлем ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби туралы деректер Таяу Шығыс, Үнді, Мысыр, Африка, Еуропа елдерінде, сонымен қатар Америка құрлығындағы елдерде сақталған. Сол деректердің бірінде: «Әл-Фарабидің бойы орташадан төмен, ылғи да түркінің киімін киіп жүреді екен. Ол мықты, күшті және ержүрек болған. Ұлы ойшыл жебені жақсы тартқан, атқан оғы нысанаға дәл тиетін деседі».
Әрине, автордан авторға, кітаптан кітапқа өтіп, фольклорлық материал сияқты халық арасында кең тараған бұл әңгімелер Фарабидің ғылыми өмірбаянын құру үшін нақты дерек бола алмасы анық. Дей тұрғанмен, мұндай аңыз-әфсаналар осындай ғұлама ғалымның мінезі, оның қызығушылығы мен өмірі туралы белгілі дәрежеде үзінділер қалыптастырады.
Бұл әңгімеден халықтың Фарабиге деген ыстық махаббаты байқалады.
#Фарабиonline