+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Түркілер төрі Түркістан»

Сүйінші!!!

Қымбатты «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының оқырмандары! Қайраткер-қаламгер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт ағамыз жуырда ғана жарық көрген «Түркілер төрі Түркістан» атты құнды кітабын кітапханамызға сыйға тартты. Батырлар жырындағы сағат сайын өсетін кейіпкерлер сынды, әр күн сайын ажарланып, қайта жаңғырып келе жатқан Түркістан өлкесінің кешегісі мен бүгіні туралы білгіңіз келсе, осы кітапты оқуға асығыңыздар! Туған өлкенің тағдыры-талайы, даңқты тұлғалары туралы тың деректер «Елдостың эсселері» арқылы тартымды баяндалады.