+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Гүлнар Міржақыпқызының «Алаштың сөнбес жұлдыздары» кітабын ұсынамыз

Құрметті әдебиет сүйер қауым! Назарларыңызға журналист, әдеби мұраларды жинаушы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар Міржақыпқызының «Алаштың сөнбес жұлдыздары» кітабын ұсынамыз. Гүлнар Міржақыпқызы естелік кітабында әкесі мен анасының мінез-құлқы мен кейбір оқиғаларға қатысын,өз ортасымен қарым қатынасын шынайы шындықпен парақтайды. Асылдың сынығы, қазақтың қайсар қызы өз мамандығына сай еңбек ете жүріп, Алаш арыстарының ақталуына ұйытқы болды. Кітапта Алаш арыстарының көсемі Әлихан Бөкейхановтан бастап, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев және т.б қазақтың зиялы қауымының өнегелі өмірлері мен істеген қызметтері кейінгі қилы-қилы тағдырлары жүйелі түрде, жатық тілмен баяндалған, әдебиеттің естелік-эссе жанрында жазылған ерекше дүние. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Кітапты электрондық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1110229

#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#ГүлнарМіржақыпқызы