+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Кемел Тоқаевтың "Түнде атылған оқ" кітабын ұсынамыз

Құрметті кітап сүйер қауым! Назарларыңызға жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаевтың "Түнде атылған оқ" кітабын ұсынамыз. Кемел Тоқаев - артына мол мұра қалдырған қаламгер. Оның әр жылдарда жарық көрген повестері мен романдары оқырманның ойынан шығып, өз бағасын алған еді. Алдарыңыздағы жинаққа автордың бұрын жарық көрген "Сарғабанда болған оқиға", "Қастандық", "Түнде атылған оқ", "Таудағы жаңғырық" атты повестері еніп отыр. Бұл шығармаларда тәртіп сақшыларының қылмыскерлерді ашудағы табанды қимылдары, аңыз болар ерен істері суреттеледі. Отан алдындағы парыз, адалдық, тергеу кезіндегі қара қылды қақ жарған әділдік кітапқа енген шығармалардың негізгі арқауы. Повестердің сюжеті ширақ, оқиғалары шынайы, тартымды оқылады. Кітап көпшілік оқырмандарға арналады.

Кітапты электрондық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=136066

#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#КемелТоқаев