«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»
2017 жылдың 13 қыркүйек күні «Мың бала» мектебінде Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын насихаттау мақсатында кітапхана, мектеп, ата-аналардың бірлескен басқосуы өтті. Жиынның мақсаты – балаларды кітап оқуға қызығушылығын ояту, кітапхана мен мектеп оқушылары арасындағы байланысты күшейту.
Шара барысында кітапханада өткізілген және жоспардағы іс-шаралар таныстырылды. Ата-аналар балаларын кітапханаға жиі келуіне атсалысатындықтарын айтты. Кітапхана балалардың танымдық ой-өрісін нығайтуда маңызы зор екендігі баршамызға мәлім. Сол себепті де мектеп, ата-аналар институтының кітапханамен сабақтастығы терең орнауы тиіс. Сонда жүйелі білімі бар, мәдениетті ұрпақ өсіп жетіледі деп ойлаймыз.