Құрметті оқырмандар!
Құрметті оқырмандар!
«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Мерзімді басылымдар бөлімі назарларыңызға «Ана тілі» газетінің 2020 жылғы 3-9 қыркүйектегі №53 санында жарық көрген «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбындағы профессор Ғарифолла Әнестің мақаласын ұсынады. Зерттеу еңбегінде қазақ тіл білімінің атасы - Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық еңбектері хақында деректер мен талдаулар жасалған.
Мақалада ұлы жазушы М. Әуезовтің: «Ахаң соңғы жылдары уақытының бәрін қазақтың мектебіне сарып қылып, істеген ісі де, жазған жазуы да жалғыз соған арналған... Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұран, өнер – білім, саясат жолындағы қажымас қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын» деп айтып өткен тарихи бағасы берілген.
Баршаңызға қазақ халқының ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастарын талдаған ғылыми мақаланы оқуға шақырамыз.
Мақаланы төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыздар:
http://anatili.kazgazeta.kz/file/2020/09/02/155251036300.pdf