«БІЗ ҚОЛДАЙМЫЗ»
Тәуелсіз еліміздің тарихында биыл алғаш бастау алған «Нұр Отан» партиясы бастамасымен өткізгелі отырған праймериз – мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңғыруларымен қатар, мәдени өмірінде де оң өзгерістерге жол ашатыны сөзсіз. Осы орайда, аталмыш саяси науқан еліміздегі мәдени саланы, оның ішінде кітапхана саласының дамуына жаңаша өзгерістер мен ілгерушіліктерге мүмкі
ндік береді деп сенім артамыз.
Қазақ мемлекетінің тағдыры толғандыратын тұлғаларды іріктеп алу науқаны – «праймеризге» қатысушы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі, Тарих және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, «Council of Museums ICOM» Халықаралық Мұражайлар Одағы қазақстандық мұражайлар қауымдастығының тұңғыш төрайымы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы» РММ-нің басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаеваның кандидатурасына қолдау білдіреміз.
Үмітхан Дәуренбекқызы ел тағдырына алаңдап, дұрыс шешім қабылдай алатын және нақты ұсыныстар жасай алатын азаматшалардың қатарында. Ол білім беру және мәдени-ағарту қызметінде орны айрықша кітапхана ордаларының дамуына қолдау көрсету, кітапхана кадрларын даярлау және қайта даярлау жүйесін реформалау процесінде көптеген бағыттарды көрсетіп, кітапханашылардың интеллектуалдық әлеуеті (біліктілігі мен ғылыми дәрежесін көтеру) мен әлеуметтік ахуалын арттыру жолында жаңаша бастамаларын жүзеге асырады деп толықтай сенеміз.
Шымкент қаласының бас кітапханасы - «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымы бірауыздан мәдениет жанашыры ретінде Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаеваның кандидатурасына қолдау білдіреміз. Праймериздің нәтижесінде еліміздің келешегіне елеулі үлес қосатын азаматтардың сайланатынына тілектеспіз.
#Праймериз2020
#МеніңКандидатым
#Мойкандидат