ОҚЫРМАНДАР НАЗАРЫНА!
"Отырар" ғылыми-әмбебап кітапханасына Қарағанды қаласынан журналист, жазушы-драматург Ермек Балташұлы келді. Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорымен танысып, ғылыми-зерттеу бөліміне «Қу – Балқантау» энциклопедиясын тарту етті.
Кітапқа Қу-Балқантау өңірінің орналасқан жерін, табиғи түзілісі мен жер қойнауы байлығын, тарихын, аумақтың шежіресін жасауға ықпал жасаған бірегей тұлғалар, экономикасы мен мәдениетін өркендетуге үлес қосқан адамдардың өмірі мен қызметі жайлы мағлұмат берілген бұл басылым өлке танушыларға, тарихшыларға, жалпы қалың оқырман қауымға арналған.