Абай Құнанбайұлының "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңін оқып, барлық білім алушыларға челленджді жолдады.
1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай шаһар басшысы Мұрат Әйтенов барша ұстаздар мен шәкірттерді онлайн режимде құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Мұрат Дүйсенбекұлы әрбір оқушының жетістігінде ұстаздардың орасан еңбегі жатқанын атап өтіп, Абай Құнанбайұлының "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңін оқып, барлық білім алушыларға челленджді жолдады.
Айта кетейік, қаладағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының ашылуы қуанышты оқиғалардың бірі болды. Шымкентте жыл сайын мектеп оқушыларының саны 12 мыңға көбеюде. Мектептердегі орын тапшылығын болдырмау мақсатында ауқымды жұмыс атқарылуда. Нәтижесінде биыл апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды.
https://pdf.egemen.kz/