+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Мұқаш Құлтөлеудің «Салбыруын» атты кітабын ұсынамыз

Құрметті оқырман!
Әдебиет сүйер қауымға Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, қаламгер, жазушы Мұқаш Құлтөлеудің «Салбыруын» атты кітабын ұсынамыз. Жазушының бұл еңбегінде жаңа заманғы қазақ серісінің таңертеңнен кешке дейінгі бір күнгі тыныс– тіршілік, ой –қиялына бойлау арқылы оның өсу, есею, жолындағы қайшылықтар сырын, екі қоғамдық формация ауысуы тұсында ескі мен жаңа арасында аяусыз тартыстар мәнін сәтті ашады. Кейіпкердің жан түкпіріне терең үңіліп, арпалысқа толы өмірдегі жеңіске жету жолдарын шынайы бейнелейді. Мұнда қазақ халқының ел жадынан ұмыт болуға айналған қастерлі құсбегілік өнері — Салбыруынды қайта тірілтіп, жаһанға паш еткен саятшы өзі де осы арқылы шырқау биікке көтеріледі. Сөйтіп дүние жүзінің түкпір–түкпірінен жаңа достар тауып, әлемдік кеңістікке құлаш ұрады. Шығармада бұл бағыттағы қым–қуыт әрекеттер қызықты баяндалып, көркем тілмен әсерлі кестеленеді. Кітаптағы нәзік лиризм мен тосын ой орамдары оқырманын ұдайы баурап отырады. Шығарма көпшілік оқырман қауымға арналған.

Кітаптың электронды нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1179350

#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#МұқашҚұлтөлеу