+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ: МӘСЕЛЕ, ПІКІР, ҰСЫНЫС...

2017 жылдың 13 қыркүйек күні «Отырaр» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелері» тақырыбында облыс әкімі, басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, тіл мамандары, турколог-ғалымдар, жоғары оқу орындарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті. Жиынды облыс әкімі Ж.Қ. Түймебаев кіріспе сөзімен ашып, іс-шараны жүргізіп отырды. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін айтып өткен болатын. Сондай-ақ, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстарының қазірден бастан қолға алу қажеттігі айтылды. Атап айтқанда, филология ғылымдарының докторы, профессор М. Мырзахметұлы; жазушы, қоғам қайраткері Мархабат Байғұт; филология ғылымдарының кандидаты Құлбек Сәрсенұлы Ергөбек, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті филология факультетінің деканы Б.М. Тілеубердиев, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты филология және тарих факультетінің деканы Н.Ж. Нұрпейісов, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі ақын Абай Қалшабек сөз алып, тақырып аясында пікірлерін ортаға салды. 
Жиын облыс әкімі Ж.Қ. Түймебаевтың қорытынды сөзімен тәмамдалды.