+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты романын оқуға ұсынамыз

Құрметті оқырман қауым! Қазақстанның атақты жазушысы, журналист, қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты романын оқуға ұсынамыз. Бұл кітапта жазушы орта ғасырлық ұлы ойшыл, жұлдызшы, музыка теоретигі, философ, математик, кемеңгерлігі мен терең білімділігі үшін екінші ұстаз атанған Қыпшақ даласының тумасы Әбу Насыр әл- Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды. Автор Әл-Фарабидің ой-арманының, пікірінің өз дәуірінің идеялық-рухани, діни, сондай-ақ күнделікті, тұрмыстағы талап-тілегімен, ұстанымен үндеспегенін, қайшы болғанын көрсетеді. Басты кейіпкердің қиялы оқиғаларды басынан кешкен қиын тағдырын тізе отырып, оның жан дүниесінің ең нәзік тұстарын жеткізе отырып, жазушы ғалым-ағартушының әсерлі және әдемі бейнесін жасаған.
Бұл кітапты http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1170476&lang=kk сайтынан оқи аласыздар.
#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#ӘнуарӘлімжанов