Отырар кітапханасы балаларға арналған SUPER–Мен кітабын назарларыңызға ұсынады
Құрметті Отырар кітапханасының жас оқырмандары,
ата-аналар!
Отырар кітапханасы балаларға арналған SUPER–Мен кітабын назарларыңызға ұсынады. Бұл кітапта отандық педагог–психологтар мен дәрігерлердің бала тәрбиесі мен саламатты дамуына қатысты ақыл–кеңестері шағын әңгімелерге топтастырылған. Кітапты балалар да, ересектер де оқи алады. Кітаптың тілі оқуға жеңіл әрі қарапайым. Әр әңгімеден екі тірек сөз таңдалып, олардың ағылшынша–орысша баламалары берілген. Бұл да кішкентай оқырмандарымыздың үш тілді қатар меңгеруіне септігін тигізеді –деп ойлаймыз.