+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Ә. Ысқақтың "Жүрек дәптері" атты жинағын ұсынамыз

Құрметті "Отырар” кітапханасының оқырмандары!
Назарларыңызға белгілі қаламгер ақын Ә. Ысқақтың "Жүрек дәптері" атты жинағын ұсынамыз. Бұл жинақ "Жүректегі жазулар" мен "Адам іздеп жүрмін" деген екі кітаптан тұрады. Кітапта күнделікті өмірде кездесіп жататын адами қарым-қатынастың, ию-қию тіршіліктің нәзік тізімдері, өзімшілдіктің отын өшіру, жүрекке жол іздеудің жолдары, жан жарастығы т. б. тартымды баяндалады.
Өмір үлкен өзгеріске, тосын жайтке, тылсымдыққа толы. Жұмыстың, түрлі ақпараттың көптігі, нарық жүгі де санаға салмақ түсірері сөзсіз. Сіз бәрі... бәрінен бір сәт тынығып, адам екеніңізді сезінгіңіз келе ме? Өзіңе қол ұшын беріп, өмір қуаныштарына жетем десеңіз-онда бұл кітап көпшілік оқырман сіз үшін. Оқыңыз, ерекше әсер қалдырады.