+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Қуантай Сатыбалдыұлының «Ақиқат мінбесі» кітабын ұсынып отырмыз

Құрметті оқырмандар!
Назарларыңызға жазушы Қуантай Сатыбалдыұлының «Ақиқат мінбесі» кітабын ұсынып отырмыз.
Қуантай Сатыбалдыұлы – жаңа ғасырдағы, шет елдегі қазақ әдебиетінде қазақ студенттері туралы жазылған, тұңғыш көлемді көркем шығармасы «Бақытқа бодау» романымен әдебиет есігін ашқан жас жазушы. Автордың бұл шағын прозалық шығармалар жинағына адам бойындағы бойкүйездікті, опасыздықты, дүниеқоңыздықты, сондай-ақ, тіршілік иелері мен табиғат ортасындағы таусылып бітпес теке тіресті, асқақ рухты, өміршең көзқарасты, үзілмес үміткерлікті, тектілікті ту етіп көтерген түрлі жанрдағы көркем шығармалары еніп отыр. Жазушы шығармалары негізінен бүгінгі күн тақырыбын өзіне арқау етіп, жазылғандығымен де өзінше бағалы. Қалған төрелік – оқырман қауымның өз еншісінде. Кітап көпшілік оқырманға арналады.

Кітаптың электронды нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1178738

#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#ҚуантайСатыбалдыұлы