+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Күйші Сүгір Әліұлына – 135 жыл!

Күйшілік өнердің танымал өкілі, көрнекті композитор, Ықыластың шәкірті Сүгір Әліұлының туғанына 135 жыл толуына орай «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Өнер» бөлімінде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жастайынан ел арасында «домбырашы Сүгір» атанған дарын иесі артына мол мұра қалдырды. Күйші өзінің «Телқоңыр», «Майдақоңыр», «Бөзінген», «Қосбасар», «Шалқыма», «Ыңғай төк», «Бес жорға», «Ілме», «Ақжелең», «Аққу» сынды туындыларымен баршаға танымал. 
Автордың шығармалары 1964 жылдан бастап халық аспаптары оркестрінде орындалып келеді. Композитордың 200-ге жуық күйі шығарылып, оның ішінде 70-ке жуық туындылары кейінгі ұрпаққа жетті. 
Көрмеге қатысқан оқушылар, студенттер Сүгір күйшінің өмірі мен шығармаларымен танысып, қазақ халқының ұлттық өнері жайында мағлұматтар алды.