+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Сәбит Досановтың «Жиырмасыншы ғасыр» романын оқуға ұсынамыз

Құрметті оқырман!
Жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің Шолохов атындағы Халықаралық сыйлығының және Махмұд Қашқари атындағы «Түрік әлеміне сіңірген аса зор еңбегі үшін» Халықаралық сыйлығының иегері, профессор Сәбит Досановтың «Жиырмасыншы ғасыр» романын оқуға ұсынамыз.
Қаламгер бұл еңбегінде ХХ ғасырдың басты оқиғалары: қазан төңкерісі, колхоздастыру, қуғын-сүргін, аштық сынды өмірдің ащы шындықтарын баяндайды. Кітапта ХХ ғасырдың көркем тарихы сипатталады.
Сәбит Досанов шығармашылығы біздің ұлттық әдебиетіміздің бағалы үлгілерінің бірі.
Аталмыш әдебиеттің толық нұсқасымен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1527920.

#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#СәбитДосанов