+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Абаймен уланған адам"

Ұлт жанашыры, əдебиеттанушы ағамыз Бекен Қайратұлының Егемен Қазақстан газетінде жарияланған "Абаймен уланған адам" атты мақаласы жүрек түкпірінде жатқан Абайға деген тылсым сырды ашып берді. Ұзақ жылдар Абай мұражайының басшысы қызметін атқарған Төкен атамыздың ұлттың ұлы тұлғасына деген махаббаты мен адалдығы бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге өшпес өнеге, үзілмес үлгі болуы тиіс. Себебі осындай өз ісіне, өз саласына адалдық қана адамды биік ұшпаққа шығарады. Расында да, Абайды танып білу үшін Абаймен ауыру керек. Онсыз Абайды танимын деу бекершілік. Осы орайда алтынның сынығындай болған заңғар жазушы Асқар Сүлейменовтың: Келер қазақтың ішер уы да, татар балы да Абай болмақ-деген сөзі еске түседі. Расында Абай айтпаған не бар өзі. Айтқанда да жон арқаңды тіліп түсердей ғып айтып кеткен жоқ па барлығын. Абайдың жырларын бала күнімізден жаттап өстік қой. Бірақ уақыт толқынымен, өмір ағасымен жүзе келе енді-енді ғана түсінудеміз. Онда да бəрін толық емес, тек Абай бастан өткерген күйдің ұшқыны жүрегімізді шарпыған кездерде Хəкімнің не айтпағын түйсінгендей боламыз. Келер ұрпақ үшін ең маңызды болған бір дүние бар. Абайды толық танырмыз, бəлки тани алмаспыз. Бірақ Абайдың танығанын тануға тиістіміз. Абайдың танығаны - Ол əлемдердің Раббысы Ұлы Алла еді. "Алланың өзі де рас, сөзі де рас" деуі осының айғағы. Алласын таныған құлға Абайды тану оңайырақ болады. Ал Абайды таныған адамға қазақты тану қиындық тудырмас.
Төмендегі сілтеме арқылы мақаланы бірге оқиық: