КІТАП ҚОРЫ ТОЛЫҚТЫ!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл мерекесіне орай «Отырар» облыстық-ғылыми кітапханасының қоры Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың қолдауымен шыққан екі кітаппен толықты.
"Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих." атты қазақ және орыс тілдерінде құрастырылған кітап-фотоальбомда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздік кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарлары, өзі тұсауын кескен немесе тыныс-тіршілігімен танысқан нысандар туралы баяндалады.
Журналист-публицист А.Ескендіровтың "Жаһан таныған жеті тұлға" атты кітапта көптеген маңызды мәліметтер қамтылған. Жаһан жан-жақты таныған, күллі дүниежүзі кемеңгерлер ретінде мойындаған, адамзаттың, әлемдегі мерейлі мемлекеттердің тағдыры мен тарихында теңдессіз рөл атқарған және атқарып келе жатқан жарқын және жасампаз тұлғалар туралы баяндалады.
Аса құнды және қызықты кітаптарды оқуға шақырамыз!