«Нұртас» бастауыш партия ұйымының төрағасы Аслан Алимбек пен оның сенімді өкілі арнайы келіп, кітапхана басшысы Жаппарқұлова Анар Абусайылқызымен қазіргі таңдағы елдегі эпидемиологиялық ахуал, кітапхана қызметкерлерінің денсаулығы, сондай-ақ, өзге де өзекті мәселелер жайында пікірлесті.
2020 жылғы 28 шілде күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына Шымкент қаласы «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалына қарасты «Нұртас» бастауыш партия ұйымының төрағасы Аслан Алимбек пен оның сенімді өкілі арнайы келіп, кітапхана басшысы Жаппарқұлова Анар Абусайылқызымен қазіргі таңдағы елдегі эпидемиологиялық ахуал, кітапхана қызметкерлерінің денсаулығы, сондай-ақ, өзге де өзекті мәселелер жайында пікірлесті.
Партия ұйымының төрағасы Аслан Алимбек өз сөзінде «COVID-19» індетіне байланысты қаламыздағы Политехникалық колледжді «ОТАУ-Med» провизорлық орталығына айналдырып, коронавирус пен пневмонияға шалдыққан науқастарға тегін ем қабылдауға мүмкіндік көрсетіп жатқандығын жеткізді. Сонымен қатар, қазіргі кезде 380 адамның осы орталықта емделіп, ауруынан айығып шығуына ықпал еткендігіне тоқталды.
Анар Абусайылқызы алдағы күндерде екіжақты бір мүддеге жұмылып, жауапкершілікпен өзара тиімді жұмыс атқарудағы негізгі ұсыныс-пікірлерін алға тартты.