+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Армен Юрьевич Гаспарян

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына Ұлыбританиядағы Бирмингем университетінің профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты Армен Юрьевич Гаспарян мен медицина ғылымдарының кандидаты Есіркеп Марлен Махмудұлы келді. Кітапхана тынысымен танысып, ғылыми-зерттеу бөліміндегі сирек кітаптар мен қолжазбалардың құндылығы жайында ой өрбітті.
Оңтүстік Қазақстан облысында өткізілген семинарға қатысып, Оңтүстік өңірдегі ғалымдармен жүздесуді мақсат еткен профессор Армен Юрьевич Гаспарян өзі редакторлық ететін ғылыми журнал жөнінде баяндап, ғылыми еңбектерді шетел журналдарында жариялау жөнінде ақпараттармен бөлісті.