ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТАРИХЫ
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТАРИХЫ
Қадірлі Қазақ елі тарихына қызығушы оқырман!
Бүгінгі елдігіміздің тамырын құрайтын Қазақ хандығы мен Алтын Орданың ұлттық мемлекеттілікті негіздеудегі орнын білу әрбіріміз үшін маңызды.
Қазақ хандығы мен Алтын Орда мемлкетінің тарихына қатысты негізгі зерттеу еңбектерінің бірі белгілі тарихшы ғалым Талас Омарбековтің «Қазақ мемлекеті: қағанаттар, ұлыстар мен хандықтар баяны» атты кітабын қаперлеріңізге ұсынамыз.
Автор кітапта Қазақ хандығының қилы кезеңдерін, Қазақ хандығының қалыптасу кезеңі, мемлекеттік жүйенің орнауы, Қазақ хандығындағы тарихи тұлғалар мәселелері бойынша тарихи-мұрағаттық деректер келтіріп, өзіндік дәйекті пікірлерін білдіреді. Сондай-ақ, ғалым бұл зерттеу еңбегінде Алтын Орданың соңғы өрлеуі мен ыдырауы тақырыбына жан-жақты тоқталып, Алтын Орда адамзат тарихының мансапқорлықты аңсаған тойымсыз пиғылының кезекті құрбанына айналғандығын тарихи деректер негізінде дәлелдейді.
Т.Омарбеков. Қазақ мемлекеті: қағанаттар, ұлыстар мен хандықтар баяны. - Алматы: Хантәңірі, 2017 . – 339 б.
Кітаптың электронды нұсқасымен ҚазҰЭК порталының төмендегі сілтемесі арқылы таныса аласыздар.
http://kazneb.kz/site/catalogue…