+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Жетпіс жетінің жігіттері" кітабын электронды нұсқасын оқуды ұсынамыз!

Құрметті оқырман!
Сіздерге Қазақстанның халық ақыны, айтыскер-сазгер, жазушы-сатирик, журналист Қонысбай Әбілдің "Жетпіс жетінің жігіттері" кітабын электронды нұсқасын оқуды ұсынамыз!
Айтыс өнеріне сіңірген еңбегі үшін 1990 жылы «Қазақстанның халық ақыны» атағына ие болған Қонысбай Әбілді көпшілік айтыстан ғана іздейтіндей көрінеді. Алайда, повестері мен әңгімелері, әзіл-сықақ әңгімелер мен скетчтері, «77-нің жігіттері» атты кітаптары, тағы басқа жазбалары жарық көрген Қонысбай Әбіл ақын, жазушы, сықақшы екенін көзіқарақты қауым жақсы біледі.
Кітаптың тақырыбы сан алуан, әзілге бай, оқиғасы тартымды тілі жеңіл, қызықты оқылады.
Талғампаз қауымнан жоғары бағасын алған сықақ әңгімелер мен скетчтер, интермедиялары енгізілген кітапты оқуға шақырамыз.

Кітаптың электрондық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады:
http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1106871

#Отыраркітапханасы
#Бізбіргеміз
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#ҚонысбайӘбіл