"Ең әдемі гүл: Әңгімелер."
"Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына жас жазушы Гүлдәрия Әшірбаева "Ең әдемі гүл: Әңгімелер." кітабын тарту етті. Кітапқа Г.Әшірбаеваның тұңғыш туындылары енгізілген.Шығарманың тілі жатық, әрі ондағы оқиғалардың өзегі өмірдің өзінде жатқанын адамдардың қарым-қатынасы арқылы өрнектей отырып, оқырманды шынайылығымен тәнті етеді. Кітап әдебиетсүйер қауымға, әсіресе, балалар мен жасөспірімдерге ұнайтынына сенеміз.